ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерболат Төлепбайдың жеке көрмесі

Промо ролик:

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 6 маусым - 10 шілде

Уақыты: 18:30

Ұзақтығы: 1 ай

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

2017 жылғы 6 маусым мен 10 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерболат Төлепбайдың жеке көрмесін өткізу жоспарлануда. Көрмеге Е. Төлепбайдың шығармашылығының әр кезеңдерінде жасаған көркем туындылары қойылады. Е. Төлепбайдың өзіндік стилі француз постимпрессионисттерінің бағытын жалғастырады. Ашық түстер, қарапайым да мәнерлі пішіндер, айқын бейнелердің иілімділігі еске Матисті және Кандинскийді түсіреді. Солай бола тұра суретшінің картиналары еуропалық және азиялық дүниені сезінуді үйлесімді біріктіре отырып, ұлттық ерекшелігін сақтап қалған. Оның туындыларындағы көпмағыналы, пәлсапалық және кей-кейде қайғылы мәнмәтін дәстүрлі тақырыптарды талдап істеу арқылы туындайды. Қазақстанның жері мен адамдары, даласы мен қаласы, өткені мен бүгінгісі, адамға деген сүйіспеншілік және өз жеріңе деген жауапкершілік мәселелері суретші жұмыстарының басты тақырыптары болып табылады. Суретшінің туындылары Мемлекеттік Третьяков галереясында, Ресей Федерациясының мемлекеттік музейлерінде, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде (Алматы), Қазақстан Республикасының облыстық музейлерінде, Қазақстан, ТМД, Еуропа, Америка, Азияның жеке топтамаларында сақтаулы.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Балет Open
Концерт Open
Концерт Open
Спорттық іс-шаралар Open
Спорттық іс-шаралар Open
Спорттық іс-шаралар Open

Бөлісу: