ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Федерико Пачоттидың концерті

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Қазақстан» орталық концерт залы

Күні: 24 маусым

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Отыздан астам жылдан бері опера және рок-музыка, музыка өнерінің екі түрі, екі параллель, бір-бірімен қиылыспайтын екі әлемде өмір сүруін тоқтатты. Бүгінгі кезде, осы жанр қосындыларының көптеген жақсы мысалдары бар. Мұндай классикалық музыка және поп, рок, электрондық музыканың элементтерін синтездеу түрі Classical crossover деп аталады. Классикалық, әсіресе опера өнерінің әлемге таралуына бағытталған осы жаңа музыкалық стиль прогрессивті бағыт болып табылады.

Бүкіл әлем мойындаған талантты, жарқын музыканттардың бірі итальяндық тенор және гитара ойыны шебері Федерико Пачотти кроссовер стилінің өкілі болып табылады. Оның шығармалық жұмысы опера және рок музыка біріктіреді. Ол электр гитара дыбысын опералық кантиленаның белькантосымен үйлесімді үндестіріп, бірегей музыкалық композициялар жазады.

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында «Қазақстан» орталық концерт залында итальяндық әнші және гитарист Федерико Пачоттидың эксклюзивті концерті жоспарланған. Ол негізінен жас музыканттардан құрылған MITO итальяндық оркестрімен бірге өнер көрсетеді. Дирижер – Рим қаласының Санта Чечилия мемлекеттік музыкалық консерваториясының профессоры, маэстро М. Альфредо Сантолочи. 2009 жылы негізі қаланған оркестр Еуропа мен Аргентинаның үздік сахналарында 200-ден астам концерт берген. Федерико Пачоттидың концерті Италиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен өтеді. Санта Чечилия мемлекеттік музыкалық консерваториясының Арко Академия Халықаралық қоры жобаның серіктесі болып табылады.

2001 жылы Федерико Пачотти Сан-Ремодағы атақты итальяндық ән фестивалінің жеңімпазы атанды және 2015 жылы сол фестивальге шақырылған жұлдыз ретінде қатысты. Федерико Пачотти - Италиядадағы көптеген фестивальдер мен телешоу - бағдарламалардың құрметті де қадірлі қонағы және 2016 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Римде өткен «Music For Mercy» атты ірі халықаралық іс-шарада сөз сөйледі.

Федерико Пачотти «Тоска» операсындағы Каварадоссидің «E lucevan le stelle» ариясын, әйгілі опералық композитор Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсындағы «Nessun dorma» ариясын өзінің жеке өңдеуіндегі нұсқаларын керемет орындайды. Ал Пьетро Масканьидің «Сельская честь» операсындағы оркестрлық Интермеццоны рухани мәтін қосу арқылы өзгертіп, мейірімділік пен қайғы мотивтерімен толықтырылған шығарманы одан әрі әуелетіп орындады. Федерико Пачоттидың өңдеуі мен орындауындағы көптеген классикалық шығармалар жаңадан, өзгеше дыбысталуы арқылы өзінің жоғары көркемдік мәні мен мағынасын жоғалтпай, қазіргі заманғы тыңдарманға өзіндік жаңа жол тапты. Өнер сүйер қауым италиялық музыканттың шығармашылығына риза болды. Федерико Пачоттидың әр өнер көрсетуі, әлемдік концерттік өмірдегі үлкен оқиға болып табылады.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: