ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Ағайынды Сафроновтар шоуы

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Қазақстан» орталық концерт залы

Күні: 19-22 маусым

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме күндеріне орай ең танымал ресейлік сиқыршылар, ағайынды Сафроновтардың гала-концерті өтеді! Жаңа шоуда атақты сиқыршылар қолдарынан келетіннің барлығын... тіпті одан да көп мүмкіндіктерін көрсетпек!

Ағайынды Сафроновтар – нағыз сиқыршылар, олардың қазіргі технологиялар арқылы жасаған фокустарының, сиқырларының теңдесі жоқ. Сахнадағы бұл ғажайып сиқырға логикалық түсініктеме табу қиын. Ерекше трионың концертінде тіпті нағыз күмәншілдердің өзі ғажайыптарға сене бастайды. Әлемді мойындатқан ағайынды Сафроновтардың өнерін сыншылар орыстың Копперфильдтері деп атап кеткен.

Сафроновтар топ болып 2002 жылдан бастап өнер көрсетті. Үлкен көрермен қауымға талантты сиқыршыларды ресейлік тележүргізуші Борис Крюк танытты. Ағайынды Сафроновтар бірінші кезекте «Битва экстрансенсов» теле жобасы арқылы даңқы танылды.

Бүгінгі таңда ағайынды Сафроновтар ең талап етілетін әртістер, олар әр түрлі концерттерге белсене қатысады. 2005 жылы «Русское радио» Сафроновтарды Кремльде өткен 10-шы «Алтын граммофон» марапаттау рәсіміне қатысуға шақырды. Сол жылы ағайындылар жыл сайын өтетін «Gameland Award» сыйлығының марапаттау рәсімінде өнер көрсетті. Қарқынды туристік және концерттік қызметтерімен қатар, ағайынды Сафроновтар өздері де «Школа волшебства», «Чудо-люди» және т.б телевизиялық жобалар құрады.

Ағайынды Сафроновтар Астанада алғаш рет өнер көрсетпейді. Олардың әрбір концерті – барлық жастағы көрермендерді таң қалдыратын сиқырлы іс-әрекет. Сондықтан бұл жолы да Ресейдің №1 иллюзионистері ешқандай күмәнсіз қала тұрғындары мен қонақтарына өшпес әсер етіп қана қоймай, көрермендердің ұзақ уақыт бойы жүректерінде сақталатын әсерлі жаңа шоумен естерінде қалмақ.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: