ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Ж. Массне «Манон» балеті

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 17 маусым

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут (1 үзіліс)

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Кеннет Макмилланның хореографиясы мен либреттосы (А.Ф.Превоның «Кавалер де Грие мен Манон Леско оқиғасы» романы бойынша)

Хореограф – Кеннет Макмиллан

Қоюшы балетмейстерлер – Карл Бурнетт, Патриция Руанн

Сценограф және костюмдер бойынша суретші – Николас Георгиадис

Дирижер – Арман Уразгалиев

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Қойылым үйлестірушісі – Чинциа Ло Фацио

1974 жылы Макмиллан осы балетті қойғысы келген кезде лондондық Ковент-Гарден театрының репертуарында Джакомо Пуччинидің «Манон Леско» операсы бар болатын, сондықтан оған Жюль Массненің осы аттас операсының партитурасын алуға кеңес беріледі. Нәтижесінде, балет партитурасы композитордың түрлі шығармаларынан құрастырылған, соның ішінде 13 опера, екі оратория, оркестрлік шығармаларының фрагменттері, сондай-ақ әндері мен фортепианолық туындылары бар. Балет музыкасын жинақтап, өңдеген – Дягилев бастаған «Орыс маусымдарының» бұрынғы бишісі, дирижер әрі композитор Лейтон Лукас, оған балет концертмейстері Хильда Гонт көмектескен (2011 жылы партитураны дирижер Мартин Йейтс қайта оркестрге бейімдеп, өңдеген). Сценография мен костюмдердің авторы Николас Георгиадиас болды.

Макмилланға бірбеткей Манон ұнайды, ол балетке өз бойына тән психологиялық көзқарасы мен өзінің кедей балалық шағы туралы жеке естеліктерін қосады. Макмиллан өз кейіпкерін «кедей болудан қорқатын қыз сияқты емес, кедей болуға намыстанатын қыз ретінде сипаттайды. Сол уақытта кедейшілік ұзақ, баяу өлімге тең болатын». Макмилланның досы – суретші және сценограф Николас Георгиадис революция қарсаңындағы француз қоғамының сән-салтанаты мен рухани құлдырауы арасындағы тұрақсыз жағдайды бейнелей отырып, осы идеяны көрсетті (балет көрінісі XVIII ғасырдың соңына ауыстырылған). Макмилланның ғажайып хореографиясы Париж бен Жаңа Орлеанның айқын да жанды суреттерін жасап шығарды. Алайда, негізгі энергетикалық қуат Манон мен де Гриенің ынтызар па-де-де биінен көрініс табқан – дәл осы көрініс барлық трагедиялық оқиғаны дамытып, «Манонды» Макмилланның ең ғажайып драмасының біріне айналдырды.

Манон партиясында Линн Сеймур, Наталия Макарова, Сильви Гиллем, Алтынай Асылмұратова, Диана Вишнева және басқа балет өнерінің жарық жұлдыздары жарқырай өнер көрсеткен.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Концерт Open
Концерт Open
Спорттық іс-шаралар Open
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар Open

Бөлісу: