ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

EURASIAN DANCE FESTIVAL Балет өнерінің халықаралық фестивалі

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 24 маусым (ашылуы), 28 маусым


Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 26 - 27 маусым, 29 маусым (жабылуы)


Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Балет – сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет – ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Әлемдік деңгейдегі балет жұлдыздарының біздің елімізге келуі – көптен күткен, ел қызығарлықтай үлкен жаңалық болмақ. Бұл жайт – балет өнерін өмірінің маңызды бөлігі санайтын, рухани азық алғысы келетін көрермендердің назарынан тыс қалмақ емес. Сондықтан, өнерсүйер қауымның бұл халықаралық фестивальге деген қызығушылығы арта түспек. Жаңа есімдермен танысу, танымал шығармаларды олардың орындауында тамашалау, расында да, қоғамдық тұрғыда назар аударуға тұрарлық жарқын жағдай ретінде бағаланбақ. Балет өнерінің аталмыш фестивалі өз көрермендерін тосын сыйлармен таңғалдыратыны даусыз.

Әлемдік хореографиялық мектептердің әртүрлі өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру арқылы өнерсүйер қауымның эстетикалық талғамын көтеру фестивальдің басты мақсаттарының бірі болып есептеледі. Аталмыш фестиваль классикалық би өнерімен қатар замануи би өнері стильдерін кеңінен насихаттауға жол ашпақ.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Концерт Open
Концерт Open
Спорттық іс-шаралар Open
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар Open

Бөлісу: