ЭКСПО-2017 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ

КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

Eurasia Sculpture Biennale Халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі

Промо ролик:

Место: Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Күні: 4 шілде - 4 тамыз

Уақыты: 15:00

Ұзақтығы: 1 ай

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Eurasia Sculpture Biennale халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі ЕXPO-2017 аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, 2017 жылдың 4 шілдесі мен 4 тамызы аралығында Бейбітшілік және Келісім Сарайының атриумында (Астана қ.) өтеді.

Бұл мәдени оқиғаның маңыздылығын асыра бағалау қиын: себебі, Қазақстан жаһандық биенналдық форумның картасында алғаш рет көрінгелі отыр. Мүсін өнері – фестивальдың тақырыбы ретінде таңдалғаны кездейсоқ емес.

Eurasia Sculpture Biennale халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесінде мүсіндеу – өнер түрі ретінде заманауи кең мағынада қарастырылып, дәстүрлі және заманауи өнердің өзара байланысы мен әр алуандығын елестетуге мүмкіндік береді. Алғашқы Биенналенің зерттеу тақырыбы – «Inter Connections: the Art of Dialogue/Өзара байланыстар: диалог өнері» – мәдениет дамуының әр түрлі бағыттары мен үрдістері арасындағы диалог. Авторларға берілген тақырыпты түсіндіруде еркіндік беріледі. Басты талап – авторлық оң көзқарас және ұсынылатын шығармалардың көркемдік деңгейі жоғары болуы шарт.

Байқауға арналған жұмыстарды жасына, жынысына, ұлтына немесе басқа да белгілеріне қарамастан қазақстандық және шетелдік мүсіншілер/суретшілер, сондай-ақ, белгілі бір автордың шығармашылығын көрсететін қазақстандық және шет елдік галереялар ұсына алады.

Байқауға қатысуға бірегей (авторлық) жұмыстар, бір автор жарыққа шығарған, немесе шығармашыл ұжымның бұрын соңды болған туындылары және Биенналені ұйымдастыру комитеті мақұлдаған жобалар көрмеге дайындық мерзімінің соңына дейін және Биенналені ұйымдастыру комитеті келіскен талаптар негізінде іске асуы мүмкін.

Биенналенің негізгі күндері:

ӨТІНІШ БЕРУ: 2017 жыл, 25 сәуір – 31 мамыр

ЖҰМЫСТАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ: 2017 жылдың 5 маусымына дейін

БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ЖАРИЯЛАУ: 2017 жылдың 12 маусымы

ТУЫНДЫЛАРДЫ АЛМАТЫДА ЖИНАУ: 2017 жылдың 17 маусымына дейін

ТУЫНДЫЛАРДЫ АСТАНАДА ЖИНАУ:2017 жылдың 28 маусымына дейін

ТУЫНДЫЛАРДЫҢ МОНТАЖЫ: 2017 жылдың 28 маусымы -2 шілдесіне дейін

КӨРМЕНІ ӨТКІЗУ КҮНДЕРІ: 2017 жылдың 4 шілдесі – 4 тамызы

САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ: 2017 жыл 4 шілде

ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: 2017 жыл 4 шілде

ЖАБЫЛУЫ: 2017 жылдың 4 тамызы

Eurasia Sculpture Biennale халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі жабық кеңістікте өтеді, яғни, тек көрме залында ұсынылатын туындылар ғана қатысуға жіберіледі.

Байқаудың бөлімдері:

МОДЕРНИЗМ: кез келген материал мен техника арқылы жасалған «модернизм» стиліндегі туындылар. Туындының кез келген қырының ең кем өлшемі 50 см, туындының ажырамас бөлігі болған жағдайда, негізімен бірге алғанда ең үлкен өлшемі - 450 см. Мүсіннің бөлшектенбейтін бөлігінің салмағы 50 кг аспауы тиіс.

МОБИЛЬДІ, КИНЕТИКА, ЖАРЫҚ немесе ДЫБЫСТЫҚ МҮСІН: кез келген материалдан жасалған туындылар, жарықпен не дыбыспен, механикалық не электрикалық динамикамен қосақталған туындылар. Рұқсат етілген ең үлкен өлшемі: биіктігі 4 м, ені 4 м, тереңдігі 4 м, мүсіннің бөлшектенбейтін бөлігінің шектелген салмағы 50 кг.

АРТ-НЫСАН және РЕДИ-МЕЙД: кез келген материалдан немесе пайдаға аспайтын қолданыстан шыққан тұрмыстағы заттардан жасалған көрерменнің эмоционалды жауабын тудыратын туындылар. Биіктігі 3 м, ені 2 м, тереңдігі 2 м.

ИНСТАЛЛЯЦИЯ: кез-келген органикалық және бейорганикалық материалдан жасалған туындылар. Туындының рұқсат етілген ең үлкен өлшемі: биіктігі 4 м, ені 4 м, тереңдігі 4 м. Мүсіннің бөлшектенбейтін бөлігінің шектелген салмағы 50 кг.

ЭНВАЙРОНМЕНТ: арт-нысанмен бірігу иллюзиясын беріп, көрерменді арт-кеңістікке еліктіретін бөлменің ішінде жасалған кеңістік композициялары. Шектелген композиция өлшемі 4х4 м. Бір үміткер өтінішті биенналенің 2 (екі) бөліміне ғана бере алады. Ұйымдастыру комитетінің қарауына үміткерлердің әр бөлімге арналған тек 3 (үш) туындысы ұсынылады, олардың 1 (бірі) жоба түріндегі туынды болуы мүмкін.

Байқауға қатысу үшін үміткерге (авторға, авторлар тобына немесе галереяға) төмендегі өтінім үлгісін жүктеп алып, толтырып, Word үлгісінде сақтап және қажетті электронды файлдармен бірге 2017 жылдың 25 мамырына дейін 1eurasiabiennale@gmail.com электронды мекен-жайына жолдау керек.

Өтінім

 

 

 

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 11.06.2017
Мюзикл 10.06.2017
Спектакль 19.06.2017
Фестиваль 17.06.2017
Спорттық іс-шаралар 06.07.2017
Опера 07.09.2017

Бөлісу: