Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

Astana Ballet EXPO GALA

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 24 маусым

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Астана Балет» театры «Астана Балет ЕХРО GALA» бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаға бір актілі «Love Fear Loss/Махаббат Үрей Айырылу», «Кармен», «A Fuego Lento/Баяу жалын» атты бір актілі балеттер және ұлттық стильде қойылған «Арулар», «Әсем қоңыр» хореографиялық миниатюралар еніп отыр.

«Әсем қоңыр»

Хореографиялық миниатюра

Музыкасы Д. Нұрпейісованікі

Қоюшы-хореограф Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Тәти

Костюм суретшісі – С. Бағдат

«Махаббат Үрей Айырылу»

Бір актілі балет

Музыкасы: Э. Пиаф, Ч. Думонт, Ж. Брельдікі

Хореограф, сценограф, жарық қоюшы, костюмдер - Рикардо Амаранте

Балет Эдит Пиафтың ғажайып музыкасы мен ғаламат өмірінің әсерінен мән алған. Мұндағы әрбір па-де-де іңкәрлік, махаббат, үрей мен айырылысуға толы. Оның музыкасы өмірінің айнасы еді. Шығармашылық жолының бастауында махаббат жайлы әндері әлемді табындырған болатын. «Махаббат ұраны» атты әні іңкәр сезімге бөленген жанның бойындағы сезімдерді паш етеді.

«Арулар»

Хореографиялық миниатюра

«Тұран» этно-фольклорлық топтың музыкалық композициясы

Қоюшы-хореограф Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Тәти

Костюм суретшісі – М. Жұмағалиев

«Gaia»

Хекель Таварес музыкасына қойылған бір актілі балет

Қоюшы-хореограф, жарық пен костюм суретшісі – Рикардо Амаранте

Gaia – заманауи хореография тілімен баяндалған Жер шары жайлы, жаныңды тебірентер оқиға. Gaia су, жер, от және ауа сынды төрт тағаннан тұратын Жердің бейнесі. Алайда, Жер бетіндегі тіршіліктің тынысын айғақтайтын тағы бір таған бар, бұл - орман. Осы бес тағанның әрқайсысы жер шарындағы тіршіліктің кепілі. Олар біртұтас, сол себепті,ғашық әрі күшті, нәзік әрі қамқоршы Жер Тәңіриясының негізін құрайды.

«Алуан түрлі би / Diversity»

Хореограф - Рикардо Амаранте

Сценография, костюмдер, жарық қоюшы – Рене Салазар

«Diversity» қойылымы көрермен қауымға балеттің ғажайып әлеміне серуен құруға мүмкіндік береді. Уақыт музыкалық сүйемелдеуді де, костюмдер мен бишілердің қимылын да өзгерткенімен, мәңгі жас өнер бұған дейінгі дәуірлердің романтизмін сақтай білді. Неоклассиканың күрделі элементтерімен байып, жаңа стиль, динамика мен заманауи кейіпке енді, ал, мұның өзі Алуан түрлі қоршаған ортамызға тән дүние.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Бал 01.07.2017
Спорттық іс-шаралар 20.08.2017
Спорттық іс-шаралар 01.07.2017
Опера 05.07.2017
Концерт 29.08.2017
Спорттық іс-шаралар 10.07.2017

Бөлісу: