ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастролі. «Ой қайғысы» спектаклі

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 23 тамыз

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

А. С. Грибоедовтың «Ой қайғысы» комедиясы қазіргі таңда да өз өзектілігін жойған емес. Қазіргі заманның басты мәселесі – көзқарастар мен пікірлер күресі емес, олардың жоқтығында. Басымыздағы әбден шатасқан ой, тек өзімізге ғана абсолюттік ден қою, ой мен сезімге деген қабілетсіздік туралы пікір шығармада айқын көрсетіледі. Өздігінше ойлауға және өмір сүруге дағдыланбаған адамдардан қандай да дұрыс шешім қабылдауды талап ету әлбетте мүмкін емес. Хрестоматиясы әйгілі, монологтары жаттанды бұл пьеса Лермонтов ат. театр қойылымында ерекше, өткір және болжамға келмейтіндей етіп қойылғандықтан, таныс мәтінді және таныс кейіпкерлерді, тіпті бас кейіпкерлерді бірден тану қиынға соғады. Шығарманы еркін талдау оны бұрынғы әдебиеттегі және театралдық дәстүрдегі қалыптасқан ережелерден еркін етіп, өзінше стильде қоюға мүмкін етті. Бұл залда отырған әрбір көрермен үшін спектакльге түрлі көзқараспен қарауға және өздерін бас немесе екінші кейіпкерлердің ұстанымында болуға мүмкіндік береді. Ал, осының өзі сюжетке деген, кейіпкерлерге деген, өзінің жеке көзқарасын, эмоциялық жүріс-тұрысын, қатынасын едәуір өзгертеді. Яғни, тек ақыл-ой қатынасын емес, сонымен қатар жүрегімен де өзгерісті сезеді.

Жас айырмашылығы 12+

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: