ЭКСПО-2017 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ

КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

Bastau Live show «Димаш Құдайберген шакырады»

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Арена» стадионы

Күні: 27 маусым

Уақыты: 20:00

Ұзақтығы: 2 часа

Билеттерді сатып алу Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Димаш Құдайбергеновтың қазақ эстрадасында пайда болуы нағыз сенсация болды. Жас әншінің ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас дауысы тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдің миллиондаған тыңдармандарының жүрегінен бірден орын алды. Қытай жерінде өтіп жатқан «I am a singer» кәсіби әншілер телебайқауындағы Димаштың вокалдық ғажайыбы көрермендерді таң қалдырып, оларды орасан зор шаттық бөледі.

Расымен де, Димаш Құдайбергеновтың дауысы кез-келген жанды тебірентпей қоймайды. Әдемі тембр, кәсіби қойылым, интонация тазалығы, тыныс кеңдігі, сонымен қатар үштен жоғары октавадағы вокалдық диапазоны бірден жүректі жаулайды. Оған қоса әрбір регистрде дауысы әдемі әрі мықты шығады. Әншінің дауыс ырғақтарын пайдалануы, кәсіби суретшінің түс таңдағанындай ой туғызады.

Сонда да, неліктен Димаштың әрбір өнер көрсетуі көрерменді қуантады? Мәселе тек оның қайталанбас дауысы мен теңдессіз жоғарғы ноталарды шебер орындауында ғана емес. Әншінің боямасыз болмысы, әртіс ретіндегі келбеті, табиғи тұрғыда музыка өнеріне жақындығы адамды өзіне тартады. Жас әртістің қайталанбас бір қыры, музыкадағы эмоцияны өзі арқылы өткізіп, әнді бүкіл жан-дүниесімен орындайды.

Димаш (Дінмұхаммед) Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе облысында әнші Қанат және Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Димаштың тәрбиесіне әжесі мен атасы көп көңіл бөлген. Бала кезінен өнерге жақын болған ол, ән айтуды жақсы көрген, фортепианода ойнап, түрлі вокалдық байқауларға қатысып, көбінде жеңіске жеткен. 16 жасында «Звонкие голоса Байконура» халықаралық фестивалінің І сыйлығының лауреаты атанды. Ал, екі жылдан соң «Жас қанат» Республикалық жас орындаушылар байқауында Гран-при иегері және «Восточный базар» халықаралық эстрада орындаушылары телевизиялық байқауының І сыйлық лауреаты дипломымен марапатталды. Келесі жылы «Мейкин Азия» Бірінші халықаралық жас орындаушылар фестивалінде жеңіске жетті.

Витебскте өткен «Славян базары-2015» шығармашылық байқауындағы жеңісінен соң Димаштың танымалдылығы арта түсті. Сол жылы ол Стамбул қаласында өткен «ABU TV song» Халықаралық Азия-Тынық мұхит елдері телефестивалінде алғаш рет Қазақстанның атынан қатысты.

2014 жылы Димаш А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін «Академиялық ән айту» мамандығы бойынша аяқтаған соң, Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада өнері факультетіне түседі. Бүгінде әншінің репертуарында түрлі жанрдағы вокалдық туындылар бар.

Димаш Құдайбергенов – «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерен еңбегі үшін» ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Д. Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті- Ұлт көшбасшысының мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендиясына ие болды.

Теңдессіз дауысы, әуенділік, әртіске тән харизмасы, жалпы ән айтуының жоғарғы мәдениеті Димаш Құдайбергеновтың қазақстандық музыка мәдениетіндегі айрықша құбылыс екендігін айғақтайды.

Жас айырмашылығы 7+

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 11.06.2017
Мюзикл 10.06.2017
Спектакль 19.06.2017
Фестиваль 17.06.2017
Спорттық іс-шаралар 06.07.2017
Опера 07.09.2017

Бөлісу: