ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Халықаралық көркем көрме «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар» (АҚШ, Нью-Йорк қ.)

Промо ролик:

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 14 маусым - 10 қыркүйек

Ұзақтығы: 3 ай

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Орыс суретшісі Николай Рерихқа арналған Құрама Штаттардағы жалғыз мұражай бірінші рет Қазақстанда өз топтамасынан алынған аты аңызға айналған суретші, философ, саяхатшы, археологтың жұмыстарын ұсынады.

«Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар» көрмесі шебердің шығармашылық ауқымын көрсетіп, суретшінің жасөспірімдік шағында, сондай-ақ, 1920-40 жылдары жарыққа шыққан 37 жұмысын қамтиды.

Н. Рерих көп саяхаттаған, Орталық Азия экспедициясының бағытымен Қытай Түркістанында, Моңғолияда, Үнді, Тибет және Алтайда мыңдаған жұмыстар жазған. 1926 жылдың көктемінде Н. және Е. Рерихтардың экспедициясы Шығыс Қазақстандағы Зайсан көлінің маңында болды. Ары қарай экспедиция кемемен Өскемен, Семей, Павлодар және Омбыны басып өтті.

Н. Рерих мәдени құндылықтарды таратуда керуен жолдарының маңыздылығын терең түсінді. Керуен жолдарының ең танымал тарамдалған желісі – Қытай мен ортағасырлық Еуропа мемлекеттерін Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстан кеңістіктері арқылы байланыстырған Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының айтарлықтай бөлігін жүріп өткен Рерихтар отбасының зерттеулері бітімгерлік-мәдени идеялармен алмасу үшін өте құнды.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Концерт Open
Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017

Бөлісу: