ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Ла Скала театрының гастрольдері. Дж. Верди «Фальстаф» операсы

Промо ролик:

 

 

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 1, 4, 6, 8 қыркүйек

Уақыты: 20:00

Ұзақтығы: 2 сағат 50 минут

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Үш бөлімді опера

Ла Скала театрының хоры мен симфониялық оркестрі

Дирижері – Зубин Мета

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Миланның әйгілі Ла Скала театры елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын ұсынады (4 спектакль – 1, 4, 6, 8 қыркүйек, 2017 жыл).

Ла Скала театры – 1778 жылы негізі қаланған Миландағы опера театры. Театр ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде қиратылған, ал 1946 жылы қалпына келтіріліп қайта ашылған (жоба авторы – инженер Л.Секки).

«Фальстаф» – Дж.Вердидің соңғы операсы. Атақты композитор аталған комедиялық сюжетті алғаш 80 жасқа толғанда қолына алған еді.

Кәрі донжуан Фальстафтың сан қырлы бейнесі Шекспирдің екі драмалық туындысы: «Виндзор сайқымазақтары» және «Генрих IV» тарихи хроникасының негізінде жасалған. Либреттосын жазған Арриго Бойто.

Оның музыкалық сипаттамасында композитор опера жанрында бірнеше жыл жинаған тәсілдері мен құралдарын қолданды. «Фальстаф», музыкалық драмадағы «Отелло» тәрізді, Шекспир ойының комедиялық операдағы таптырмас көрінісі атанды. Вердидің соңғы туындысы, Россинидің «Севильдік шаштаразымен» басталған итальяндық опера-буффа бағытының даму желісін шыңына жеткізді.

1893 жылы 9 ақпанда Ла Скала сахнасында жарық көрген «Фальстаф» шын мәнінде салтанатты табысқа жеткен еді.

«Астана Операда» Ла Скала театрының симфониялық оркестрін әлемнің ең атақты және беделді дирижері Зубин Мета басқарады.

Зубин Мета

Қазіргі заманның ең танымал дирижерлерінің бірі. Монреаль симфониялық оркестрін басқарып, Лос-Анджелес және Нью-Йорк филармониялық оркестрлерінің музыкалық жетекшісі болған. 1969 жылы Израиль филармониялық оркестріне музыкалық кеңесші ретінде шақырылып, 1977 жылы – оның музыкалық жетекшісі, ал 1981 жылы өмір бойғы басшысы ретінде жарияланды. Сондай-ақ (1998-2006) Бавария мемлекеттік операсын қатарлас басқарды.

Брукнер, Малер, Рихард Штраустың симфонияларын ойнағаны үшін ірі және терең симфониялық туындылардың шебері ретінде танылған, музыка тарихындағы ең танымал концерттердің дирижері болды, мысалы: 1990 жылы Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және Лучано Паваротти қатысуымен Римде өткен – тенорлар шеруі.

Зубин Мета тәулігіне 18 сағат бойы дайындық өткізе алады. 80 жастағы маэстро қоржынында – жүзден астам жатталған партитуралар бар, сондықтан ол ноталарсыз дирижерлік ете алады. Чайковский концерті болсын, Малер симфониясы немесе Бизе операсы болсын – дирижерлік тізгінде Зубин Мета болса, сөзсіз үлкен жетістікке қол жеткізіледі деуге болады.

 

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Концерт Open
Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017

Бөлісу: