ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Ромео мен Джульетта» мюзиклі

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Дата: 16 маусым - 4 шілде

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

2017 жылғы 16 маусым мен 04 шілде аралығында Астана қаласының Бейбітшілік және Келісім сарайында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасын ұйымдастыру аясында «Ромео мен Джульетта» мюзиклі өтеді.

Шығарманың негізіне Уильям Шекспирдің классикалық пьесасы бойынша жазылған Жерар Пресгюрвиктің француз мюзиклі арқау болып отыр. Продюсерлері Жерар Лувэн, GLEM және UniversalMusic болған алғашқы спектакль 2001 жылы 19 қаңтарда Парижде өткен.

Бүгінгі таңда мюзикл француз, голландия, орыс, ағылшын, неміс, итальян, венгер, корей, жапон, испан, иврит тілінде қойылды.

Жерар Пресгюрвик өз сөзімен, түпнұсқаның тек негізгі сюжеттік қайшылығын ғана сақтап, өзгеше әңгімелейді, көрермендерге арманның, өз армандарының құшағында қиялдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бір хикаяға қатысатын қарама-қарсы персонаждарды кездесуге және бірге өмір сүруге мәжбүр етеді.

Әйгілі Ромео мен Джульетта оқиғасын суреттейтін мюзикл адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы болмақ. Ромео мен Джульетта тек қана ескі көзқарастар мен қатынастарға қарсы шығып қана қоймай, олар жаңа өмірге үлгі болды. Олардың арасын қастық бөле алмады, оларды махаббат қосты. Олардың махаббаты сұлулыққа сүйсінуден туындады, адамның ұлылығына деген сенімнен және онымен өмірде қуанышты бөлісуге тырмысуынан туындаған.

«Астана мюзикл» театрының талантты актерлары көрерменге ұмытылмас махаббат оқиғасын сыйлайды.

Аударма авторы Г. Салықбай.

Қоюшы режиссеры Асхат Маемиров.

Режиссер-хореограф Надежда Подошва-Захарова.

Қоюшы балетмейстер Николай Подошва-Захаров.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Балет Open
Концерт Open
Концерт Open
Спорттық іс-шаралар Open
Спорттық іс-шаралар Open
Спорттық іс-шаралар Open

Бөлісу: