ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Ермек Серкебаевқа арналады» атты әлемдік опера жұлдыздарының Гала-концерті

 

 

Өтетін орыны: «Қазақстан» орталық концерт залы

Күні: 11 тамыз

Уақыты: 19:00

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

2017 жылғы 11 тамызда сағ. 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Ермек Серкебаев атындағы Мәдениетті және өнерді қолдау қорының қолдауымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Ермек Серкебаевқа арналады» атты әлемдік опера жұлдыздарының Гала-концертін ұйымдастырады.

Гала-концерт атақты қазақстандық әнші, КСРО халық артисі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевты еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Құрамы бойынша айрықша болып табылатын бұл концертке әлемге танымал әншілер өнер көрсетеді, оның ішінде әлемнің үздік бас дауыс иесі, Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері, Метрополитен-опера (Нью-Йорк), Мариин театры мен Париж операсының солисі Ильдар Абдразаков, Мариин театрының солисі, Opera Awards (Лондон қ.) сыйлығының лауреаты Асмик Григорян, Үлкен театрдың жетекші солисі, Пласидо Домингоның «Опералия - 2016» конкурсының жеңімпазы Богдан Волков, Үлкен театрдың жетекші солисі Игорь Головатенко, Мариин театрының солисі Сергей Скороходов, Мәскеулік «Новая Опера» театрының солисі Алексей Татаринцев, Үлкен театрдың солисі Агунда Кулаева, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, «Большая опера» телевизиялық жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Азамат Жылтыркөзов.

Ермек Серкебаевты еске алу кешінде әлемдік опера классикасының жауһарлары Дж. Россини, Дж. Верди, Ш. Гуно, А.П. Бородин, К. Сен-Санс, Ж. Бизе, П.И. Чайковский, А. Дворжак, Г. Доницетти, Дж. Пуччини, А. Жұбанов, Л. Хамиди операларынан ариялар шырқалатын болады. Концертке Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Татарстанның халық артисі Ренат Салаватовтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі қатысады. Кештің қоюшы режиссері, әлемнің үздік және жарқын режиссерларының бірі Василий Бархатов болмақ.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Балет Завершено
Концерт Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено

Бөлісу: