ЭКСПО-2017 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ

КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» операсы

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Опера» Театры

Күні: 11 маусым

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут (1 үзіліс)

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Қазақ музыка өнерінің ең озық жетістіктерінің бірі – ұлттық композиторлар А. Жұбанов пен Л. Хамиди жазған «Абай» операсы.

Операның жаңа қойылымын жасауда Қазақстан мен Италияның біріккен шығармашылық ұжымы еңбек етті: қоюшы дирижер – әйгілі қазақстандық дирижер, Қазақстанныңеңбек сіңірген қайраткері, композитор А. Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – итальяндық режиссер Джанкарло дель Монако (театралдық администратор, белгілі опера әншісі Марио дель Монаконың ұлы), режиссердің кеңесшісі – Қазақстанның Халық әртісі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Есмұқан Обаев. Операның көркемдік безендіруін итальяндық шеберлер – қазіргі заманның белгілі сценографы – Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапиноіске асырды, олар астаналық көрермендерге «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Ромео мен Джульетта» және «Бақшасарай бұрқағы», «Баядерка» сияқты спектакльдер арқылы таныс. Режиссердің ассистенті – Ерен Тойкенов.

Абай – ұлттың рухани ұстазы болған әйгілі ақын, ағартушы, философ. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің операсында осы биік әрі көп қырлы тұлғаның қасірет тереңдігі мен асқақ ойларының өрісі ашылады. «Абай – қазақ халқы үшін маңызы зор тұлға. Аса көрнекті қоғамдық-саяси және мәдени қайраткер. Ол әрқашан келешекке тура қарап, халқымен мәңгі бірге болды…» – деп Джанкарло дель Монако атап өтті.

Либретто авторы – Мұхтар Әуезов.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 11.06.2017
Мюзикл 10.06.2017
Спектакль 19.06.2017
Фестиваль 17.06.2017
Спорттық іс-шаралар 06.07.2017
Опера 07.09.2017

Бөлісу: