ЭКСПО-2017 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ

КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

Б. Асафьев «Бақшысарай су бұрқағы» балеті

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 18 маусым, уақыты: 18:00

Күні: 6 тамыз, уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат 50 минут (1 үзіліс)

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Н. Волковтың либреттосы А. Пушкиннің аттас поэмасының желісімен жазылған. Қойылым авторлары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Т. Нұрқалиев пен Ғ. Бөрібаева. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов. Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино (Италия).

Қайырымсыз Қырым қолбасшысы Керей хан Польшада сойқан салуда. Кезекті бір шабуыл кезінде оның әскері басып алған поляк қамалында, князь қызы Марияның туған күні тойланып жатады. Басқындар бәрін қырып, тек хан ессіз ғашық болып қалған Марияны ғана тірі қалдырады.

Бақшасарай гареміне әкелінген сұлу күң Мария Керейдің сүйікті әйелі, жас поляк қызы үшін өз дәрежесінен айырылған – Заремаға тап болады. Сол кеште хан Мариядан өз жүрегін ашуды жалбарынады, бірақ ол салқындық танытады. Керей хан бұған көніп, шығып кеткен кезде ұйықтайтын бөлмеге Зарема кіреді. Ол хан ұсынысын қабылдамауды талап етеді, ал Мария оған Керейді ешқашан жақсы көрмейтінін айтады. Бірақ Марияның бөлмесінде қалып қалған ханның тақиясын көрген Зарема қызғаныш сезіміне беріліп, күңді өлтіреді. Керей хан қатты қайғыруда.

Балеттің әдеби түпнұсқасы – Бақшасарай бұрқағы немесе Көз жасы бұрқағы туралы ежелгі аңызға негізделген, А.С. Пушкиннің аттас поэмасы болды.

Б. Асафьев балетінің тұңғыш қойылымы 1934 жылы С.М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында өтті. Жас хореограф Р. Захаровтың жаңашылдығы – батыс пен шығыс би негіздерін өзара біріктіру және қарсы қоюда болды, бұл екі әлемнің айырмашылығын көрсетті. Алғашқысының нәзік лирикалылығы, жауынгерлік сезімге толы екіншісіне қарама-қарсы тұрды.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 11.06.2017
Мюзикл 10.06.2017
Спектакль 19.06.2017
Фестиваль 17.06.2017
Спорттық іс-шаралар 06.07.2017
Опера 07.09.2017

Бөлісу: