Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

Цинь Шихуанди императорының Терракота әскері музейінің көрмесі

Промо ролик:

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 9 маусым - 10 қыркүйек

Уақыты: 15:00

Ұзақтығы: 3 ай

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

2017 жылғы 9 маусымнан 10 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Қытайдың Цинь Шихуанди императорының Терракота әскері» атты көрмесі өтеді.

Көрменің мақсаты: келушілерді б.з.д. 2010-2009 жылдары жасалған және 1987 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілген әлемдік өнер жауһары – Цинь династиясының терракот мүсіндерімен таныстыру.

«Терракот әскері» - Сиань қаласындағы Цинь Шихуанди императорының кесенесі жанындағы толық өлшемі сақталған 8099 қытай жауынгерінің және олардың аттарының мүсіндері қабірінің жалпылама атауы.

Мүсіндерді 1974 жылы жергілікті шаруалар Лишань тауының шығыс жағынан артезиан ұңғымасын қазып жатқан кезде тапқан.

Тарихи деректер бойынша, Цинь Шихуанди таққа отырғаннан бір жылдан кейін б.з.д. 246 жылы өзінің мазарын сала бастады. Оның ойы бойынша мүсіндер оған келесі өмірде серік болып жүруі тиіс.

Саздан жасалған әскер император мазарының шығысында параллель табыттарда 1,5 км бойы сапқа тізіліп жатыр.

Жауынгерлердің мүсіндері өнер туындысы болып табылады, өйткені олардың әрқайсысы жеке-жеке тәртіппен әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолдан жасалған. Әрбір жеке мүсіннің кескіні, тіпті бет келбеттері де қайталанбайды.

Көрмеге 50-ге жуық археологиялық бұйымдар қойылады. Бұлар: әскерлердің мүсіндері, қару-жарақтар, жабынқыштар, ыдыс-аяқтар, алтын және күміс әшекейлер.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Бал 01.07.2017
Спорттық іс-шаралар 20.08.2017
Спорттық іс-шаралар 01.07.2017
Опера 05.07.2017
Концерт 29.08.2017
Спорттық іс-шаралар 10.07.2017

Бөлісу: