ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Альваро Доминго: «Опералия» байқауына» төрт қазақстандық әнші қатысады 19.05.2017 17:25110

Бөлісу:

«Опералия» опера өнерінің дүниежүзілік байқауының вице-президенті, опера сахнасының королі Пласидо Домингоның ұлы – Альваро Домингоның қазақстандық журналистермен кездескені туралы expo2017.culture.kz. корреспонденті хабарлайды.

Брифинг 24 бастап 29 шілде аралығында ұлы опера әншісі және дирижер Пласидо Доминго іргесін қалаған опера өнерінің әлемдегі ең мәртебелі байқауы – «Опералия» өтетін «Астана Опера» театрында болды.

«Опералия» Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің демеуімен Астанадағы ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасының бір бөлігіне айналады.

Альваро Доминго БАҚ алдында өз сөзін былайша бастады: «Мен байқаудың вице-президенті әрі маэстро Пласидо Домингоның ұлы, әкем мен «Опералия» байқауын ұсынатын осындай мүмкіндікке өте қуаныштымын, және мен үшін бұл үлкен мәртебе».

На фото: директор ГТОиБ «Астана Опера» Галым Ахмедьяров и Альваро Доминго

Ол алда өтетін Астанадағы байқау есеп бойынша 25-болатынын атап айтты. Альваро Доминго Қазақстанның астанасынан басқа, «Опералия-2017» өткізу хақына Оңтүстік Корея, Жапония, Португалия тартысты. Дегенмен, нәтижесінде басымдық Астанаға берілгеніне көңіл аударды.

«Біз Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің шақыруын қарастырғанда, мәселе тек «ЭКСПО-2017» көрмесінде ғана емес, сондай-ақ, мұның Астана үшін де қызықты екенін түсіндік. Біз келіссөз нәтижесіне өте риза болып қалдық, осындай құлшыныспен қарсы алғанды көру жанға жайлы тиді, оған қоса байқауды өткізуге жақсы жағдай жасалған», - деп Альваро Доминго баса айтты.

Алдағы байқауға қырық қатысушы қатысады. Оның төртеуі Қазақстанның атынан өнер көрсетеді – олар «Астана Операның» солисті Мария Мудряк, Дамир Садуахасов (тенор), Станислав Ли, Расул Жармағамбетов (баритон). Альваро Доминго Мария Мудряк туралы – «тамаша сапрано» деп ерекше атап көрсетті.

Байқаудың сыйлық қоры 180 мың долларды құрайды. Жеңімпаздар ерлер мен әйелдер байқауының бірінші орны үшін 30 мың доллар, екінші орынға – 20 мың доллар, үшінші орынға 10 мың доллардан алады. Бұдан басқа, Рихард Вагнер мен Рихард Штраустың операларынан алынған репертуардың үздік орындаушысына Бригита Нильсонның сыйлығы бар. Басқа сыйлықтардың ішінде – Пласидо Домингоның ата-анасының атындағы 10 мың доллар сыйлығы сарсуэлды (бұл испандық музыкалық-сахналық жанр, опереттаға жақын) үздік орындағанға беріледі, сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасындағы көрермендер көзайымы сыйлығын, яғни алтын сағатты «Опералияның» бас демеушісі "Rolex" компаниясы сыйлайды.

Байқаудың ширекфинал және жартыфинал турлары 24-26 шілдеде Астанада өтеді, қатысушылар әлемдік опера классикасынан таңдаған арияларды орындайды. 29 шілдеге белгіленген финалға тек 10 орындаушы ғана өтеді. Олар «Астана Опера» симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Пласидо Домингоның өзі дирижерлік етеді.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: