ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Нью-Йорктегі Николай Рерих мұражайының жауһарлары Астанада көрсетіледі 19.05.2017 17:36218

Бөлісу:

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі және Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайы «Шамбаланы іздеу жолында: Нью-Йорктегі Николай Рерих мұражайының жауһарлары» халықаралық көрмесін өткізу туралы келісімге қол қойды.

«The SonMar Group» вице-президенті Соня Беккерман, Нью-Йорктегі мұражайдың директоры Гвидо Трепша, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, «The SonMar Group» президенті Марина Ковалёва

Министрліктің өкілі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов және Нью-Йорктік мұражайдың директоры Гвидо Трепша мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында өтетін көрмені ұйымдастыруға қатысты мәселелердің бір қатарын талқылады. Кездесуге The SonMar Group президенті Марина Ковалёва және вице-президент Соня Беккерман қатысты.

Андрей Хазбулатов өз сөзінде : «ЭКСПО-2017 аясында Астанада өтетін көрмені ұйымдастыруға ат салысқандарыңыз үшін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Халықаралық ЭКСПО көрмесі Қазақстанның басты және ғаламат ұлттық жобаларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада әлемнің 100 аса елі өздерінің тек ғылыми-технологиялық жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ мәдени құндылықтарын да көрсетеді. Министрлік ЭКСПО аясында 700 тарта мәдени ойын-сауықтың және спорттық іс-шараларды жоспарлаған. Мәдени бағдарлама жан-жақты және толық дәрежеде қазақстандық мәдениет пен өнердің жетістіктерін кеңінен көрсетуді көздейді. Кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі арқылы осы көрмені Астанада ұйымдастырғаны үшін көрменің кураторларына, «The SonMar Group» компаниясының президенті Марина Ковалёва мен вице-президент Соня Беккерманға ерекше алғыс білдіргім келеді. Осы іс-шараның бірегейлігін атап өту керек. АҚШ-тан келген көрме Қазақстанда алғаш рет көрсетілетін болады. Нью-Йорктік мұражайдың халықаралық көрмесін ұйымдастыру біздің елдердің арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуда жаңа қадам болатыны анық» - деп, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры сөзін қорытындылады.

Гвидо Трепша: «Николай Рерих сынды ұлы суретшінің бай мұрасын бүкіл әлемге ұсынудың тамаша мүмкіндігі туып тұрғанына қуанамыз. Мұражайдың негізгі міндеті «Мәдениет арқылы Бейбітшілік» – Pax Cultura ұранында көрініс тапқан оның өнер мен мәдениет туралы идеяларын тарату болып табылады. «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар көрмесі алғашқы рет АҚШ шекарасынан тыс көрсетіледі».

Николай Рерих- белгілі саяхатшы болған. Оның мыңдаған жұмыстары Орталық-Азия экспедициясының бағытымен Қытай Түркістанында, Моңғолияда, Үнді, Тибет және Алтайда жазылған. 1926 жылдың көктемінде Н. және Е. Рерихтардың экспедициясы Шығыс Қазақстандағы Зайсан көлінің маңында болды. Ары қарай экспедиция кемемен Өскемен, Семей, Павлодар және Омбыны басып өтті.

Шығармашылығының үлкен бөлігін рухани шындық пен сұлулыққа арнаған Николай Рерих ғаламшардағы бейбітшілікке жету үшін мәдени дамудың іргелі рөліне деген берік сенімі арқылы бүкіл әлемге танымал болды. Шебер, өнер мен мәдениет саласында жұмыс істейтіндер үнемі бейбітшілік пен прогреске талпынуға міндетті деп сенген.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: