ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Астана Опера» солисті Мария Мудряк «Опералия-2017» байқауына қатысады 19.05.2017 17:53217

Бөлісу:

Пласидо Доминго «Опералиясының» жиырма бесінші маусымына әлемнің 17 елінен қатысатын 40 дарынды вокалисттің аты белгілі болды; «Опералия» опера өнерінің дүниежүзілік байқауын жобаның бас демеушісі - «Rolex» компаниясы ұсынады. Байқау қатысушыларының қатарына «Астана Опера» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякты қосқанда төрт қазақстандық әртіс кіреді. Билеттер «Астана Операда» сатылымға шықты.

Ұлы опера әншісі, дирижер Пласидо Доминго іргесін салған әлемдегі ең мәртебелі опералық байқау «Опералия», «Астана Операда» 24 бастап 29 шілде аралығында «ЭКСПО-2017» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қамқорлығымен өтеді.

«Опералияның» құрметті қонағы – КСРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова. Көрермендер байқаудың барлық кезеңіне бара алады. 24,25 және 26 шілдеде өтетін ширекфинал және жартыфинал турлары сынақ түрінде өтеді. Қатысушылар «Опералия» концертмейстерлерінің сүйемелдеуімен әлем опералық классикасынан өздері таңдаған арияларды орындайды. 29 шілде финал кезінде жеңіске үміткер он қатысушы маэстро Домингоның өзі басқаратын «Астана опера» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Дәстүрге сәйкес, қазылар алқасына Пласидо Домингоның төрағалығымен алдыңғы қатарлы шетел театрларының өкілдері кіреді. Олардың ішінде – Карло Феличе театрының көркемдік жетекшісі (Италия, Генуя), «Астана Опера» театрына шақырылған дерижер Джузеппе Акуавива, Метрополитен-операның (Нью-Йорк, АҚШ) көркемдік әкімгері Джонатан Френд, Вена мемлекеттік опера директоры (Австрия) Доминик Мейер, Ковент-Гарден Корольдік опера театрының кастинг-директоры (Лондон,Ұлыбритания) Питер Марио Катона, Париж ұлттық операсының кастинг-директоры (Франция) Илиас Цемпетонидис, Корольдік театрдың көркемдік жетекшісі (Мадрид, Испания) Жоан Матабош, режиссер Марта Доминго, Чикаго лирикалық операсының бас директоры (АҚШ) Энтони Фрейд, София патшайымның өнер сарайының көркемдік жетекшісі Давид Ливермор (Валенсия, Испания), Бавария мемлекеттік операсының (Мюнхен, Алмания), Глайндборндық опера фестивалінің (Ұлыбритания), Лилль опералық театрының (Франция), Норвегиялық ұлттық операсы мен балетінің кастинг жөніндегі кеңесшісі Пол Moе, Чилиде және басқа елдерде түрлі мәдени ұйымдардың көркемдік кеңесшісі, «Латын Америка Операсы» ұйымының вице-президенті Андрес Родригес, Бонн театрының көркемдік басқарма директоры Каролин Вильпютц (Алмания).

«Астана Опера» жетекші солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты, тамаша сопрано иесі Мария Мудрякпен қатар «Опералия-2017» байқауына қатысатындар: Дамир Сәдуақасов (тенор), Станислав Ли, Расұл Жармағамбетов (баритон, Қазақстан), Су Ён Ли; Су Ён Пак (сопрано), Сын Джу Пак (тенор), Леон Ким; Ху Джун Ли (баритон, Корея Республикасы), Чао Ден (бас-баритон, Қытай), Нодзоми Като (меццо-сопрано, Жапония), Ланселот Номура (бас, Ұлыбритания/Жапония), Камила Титингер (сопрано, Бразилия/Италия), Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка), Джошуа Деннис (тенор), Эммет О’Хэнлон (баритон), Андре Курвиль (бас-баритон, АҚШ), Руперт Энтикнап (контратенор, Ұлыбритания), Каролина Липпо, Дамиана Мицци (сопрано), Марко Чапони, Давиде Джусти (тенор), Андреас Гиз (баритон), Эмануэле Кордаро (бас, Италия), Валентина Штадлер (меццо-сопрано, Алмания), Михаил Михайлов (тенор, Болгария), Борис Пригл (бас-баритон, Чехия), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Джоанна Завартко (сопрано, Польша), Надя Черкез (сопрано, Молдова), Руслан Коваль (сопрано, Украина), Влада Боровко, Елена Гусева, Кристина Мхитарян, Оксана Секерина (сопрано), Анна Синицына, Дарья Телятникова, Виктория Яровая (меццо-сопрано), Илья Селиванов (тенор), Александр Алиев (баритон, Ресей).

Опералия» байқауына кез келген дауыс типімен (бастан сопраноға дейін) 18 бен 32 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасындағы 1, 2 және 3 дәрежелі жүлдегерлерді марапаттаумен қатар Р. Вагнердің және Р. Штраустың операларынан репертуарды үздік орындағаны үшін Б. Нильсон атындағы сыйлық және сарсуэлды (опереттаға жақын испандық музыкалық-сахналық жанр) орындағаны үшін Пепита Эмбил де Доминго және аға Пласидо Доминго сыйлығы, көрермен көзайымы жүлдесі - «Rolex» компаниясының қол сағаттары және т.б. жүлделер бар.

Rolex компаниясы «Опералия» дүниежүзілік опера байқауын осымен 16 жыл қатарынан мақтанышпен ұсына отырып, өзінің өнерге мәңгілік адал екенін паш етеді. Пласидо Доминго 1982 жылдан бастап Rolex компаниясының өкілі болып табылады, және Rolex компаниясы кәсіби кемелденуге ұмтылған жас дарынды орындаушыларды қолдау аясын кеңейтуге қуанышты.

Байқау талаптарымен «Опералия» сайтында танысуға және жаңалықтарды қадағалауға болады. (http://www.operaliacompetition.org/ )

Билет құны 1000 теңгеден жоғары.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: