ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Астана Опера» театрындағы «ЭКСПО-2017» арналған іс-шаралар бағдарламасын ұлттық өнер жауһары «Абай» операсы ашады 24.05.2017 11:00230

Бөлісу:

11 маусымда «Астана Опера» «ЭКСПО-2017» бағдарламасына арналған театрдағы іс-шаралар тізімін ашатын қазақ музыка өнерінің аса көрнекті туындысы - А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» ұлттық классикалық операсын ұсынады. Спектакль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Дирижерлік тізгінде - маэстро Алан Бөрібаев.

- «ЭКСПО-2017» тәрізді халықаралық деңгейдегі осындай маңызды оқиғаға арналған іс-шаралардың жарқын бағдарламасын ұсыну – біз үшін үлкен мәртебе. Оны қазақ операсының жауһары – атақты отандық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» спектаклі ашады. Бұл шығарманы біз кездейсоқ таңдаған жоқпыз – ол біздің ұлттық өнеріміздің «бірегей туындысы», - деді «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.

Осы жауһар опера туындысы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің либреттосының желісі бойынша туындаған. Оқиғалар негізіне – ұлы қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың өмірінен (1845-1904) алынған драмалық оқиғалар алынған. Бұл – екі жас Айдар мен Ажардың романтикалық және қайғылы махаббатының тарихы. Туындыда ескішілдік пен жаңашылдық арасындағы күрес тақырыбы қозғалады, адамдардың жақсы және жаман тұстары көрнекі түрде бейнеленеді. Ұлы Абай мен оның шәкірті Айдар «ескі өмірге», яғни ілгері өрлеуге кедергі болатын құбылыстың бәріне қарсы шығады.

«Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаевтың пікірінше, «Абай» операсы сол кезеңдерде жазылған ұлы музыкалық шығармалардың бірі болып табылады. Қойылымның елорда тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті спектакльдері қатарына енгеніне таңырқауға болмайды.

Жетекші партияларды «Астана Опера» театрының жарқыраған жетекші солистерінің жұлдызды құрамы ұсынуға дайындалуда. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин орындайды, Айдар рөлінде – халықаралық байқаулар лауреаты Мейір Бәйнеш, Ажар - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера примасы Майра Мұхамедқызы, Қарлығаш - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Сырттан – Армения халық әртісі Барсег Туманян.

Қойылымды Қазақстан мен Италияның көрнекті өнер қайраткерлері қойған. Музыкалық жетекші және дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор А.Жұбановтың шөбересі – Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссер– белгілі итальяндық режиссер Джанкарло дель Монако, кеңесші режиссер– Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Операның көркемдік безендірілуін атақты заманауи сценограф Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, костюмдер бойынша суретші ассистенті Әсел Досмұратова орындаған. Қоюшы хореографтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев және Ғалия Бөрібаева.

Басталуы 18.00.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: