ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ашық аспан астындағы салтанатты «Аида» 24.05.2017 11:20223

Бөлісу:

15-маусым, 2017. Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендерімен» бірлесіп, «Астана Опера» театры әртістерінің қатысуымен Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы ашық алаңда Дж.Вердидің ауқымды операсының қойылымын жүзеге асыратын болады. Пирамида алаңы театр сахнасына айналады, ал көрерменедер залы ашық аспан астында орын алатын болады. Спектакль «ЭКСПО-2017» аясында өтеді.

Әйгілі композитор Джузеппе Вердидің «Аида» операсы әлемдік танымалдылыққа ие. Бұл әсем саз сарынындағы салтанатты шерулер, билер мен әнұран аясында шиеленіскен қайшылықтарға толы адам тағдыры өрбитін көркем әрі ауқымды спектакль. Дж.Верди өз музыкасы арқылы Аида мен Радаместің жан сұлулығы мен өнегелі қажырлығын асқақтады, олардың махаббаты барлық сынға төтеп беріп, өлім алдында да тізе бүкпейді. Аталған опера адам баласының асқақ сезімінің әнұранындай шырқалады.

- Осы мерекелік спектакль «ЭКСПО-2017» іс-шаралар тізіміне енгізілген. Көпшілік қауым опера тек театрларда шырқалатынына үйреніп қалған, ашық аспан астындағы опера – қазақстандықтар үшін айтарлықтай жаңа жанр. Сахна алаңын ауыстыра отырып, біздің ұстанатын негізгі мақсатымыз – жастарды өнерге баулу, асқақ өнерді насихаттау. Көрнекті «Аида» операсы жанды декорацияға айналған Пирамида етегінде өрбиді. Бұдан басқа, сахналық бұйымдар заманымыздың әйгілі сценографы және режиссер Франко Дзеффиреллидің үлгілері бойынша жасалған,-деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Басты партия Аиданы (күң, эфиопиялық ханшайым) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина орындайды. Радаместің партиясын – сарай күзетінің басшысын –шақырылғанболгарлық тенор Камен Чанев орындауға дайындалуда, оның қазақстандық әріптестері операдағы жарқын бейнелерді сомдайды: Египет патшасын (перғауын) –Болат Есімханов. Амнерис – перғауынның қызы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Рамфис (жоғарғы абыз) –Арменияның халық әртісі Барсег Туманян. Амонасро (эфиопиялық патша, Аиданың әкесі) – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев. «Астана Опера» симфониялық оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен өнер көрсететін болады.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: