ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасының авторы Астананы мемлекеттік рәміздер туралы көрменің ашылуымен құттықтады 01.06.2017 13:01108

Бөлісу:

Ұлттық академиялық кітапханада бүгін, 1 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орайластырған «Тәуелсіздік рәміздері» деректі-кітап көрмесі ашылды. Көрме ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени ойын-сауықтық іс-шараларының кешенді бағдарламасының бір бөлігін құрайды деп, expo2017culture.kzкорреспонденті жеткізеді.

Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі дайындағанын еске салайық. Көрменің басты мақсаттары – жасөспірімдердің танымдық қызығушылығын ояту, мемлекеттік рәміздер туралы көзқарасын кеңейту, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарап, құнттауға және өз Отанына деген елжандылық сезімін тәрбиелеу.

«Ұлы дала кітабы» симпозиумында Жюль Верннің, Фариза Оңғарсынованың қолтаңбалары бар кітаптар мен бірегей қолжазбалар көрсетіледі.

Көрме 40 аса кітап ұсынылған үш бөлімнен тұрады. Сондай-ақ, кітапханада мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы туралы деректі материалдар, олардың авторларының өмірбаяны, Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан рәміздерінің тарихы туралы мәліметтер және т.б. жарияланды.

Көрменің ашылу салтанатының қонақтары шығармашыл зиялы қауым мен кітапхана өкілдері болды. Ең өзгеше қонақтардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков болды.

«Бұл көрменің ашылуының маңызы зор, мұның бірден бір себебі мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы – мемлекетіміздің жетістіктерінің бірі. Біздің Елтаңба, Ту және Әнұран барлық елдерде бар. 25 жылдың ішінде біз бүкіл әлемге танымал болдық және бүкіл әлем бізді тани бастады», - деп, Жандарбек Мәлібеков атап өтті.

Жақында expo2017culture.kz сұхбаттасы туған күнін атап өтті – оған 75 жыл толды. Ол шабыт пен шығармашылық идеяларға толы, солардың бірі Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы мен мемстандарт туралы кітап.

Жандарбек Мәлібеков Қазақстанда елжандылықты тәрбиелеу – бұл «маңызды басымдықтардың бірі» және «Бұл тақырыпты дамытып, жіті көңіл бөлу керек» - деп, көрсетті. Көрме материалдармен толығып 10 тамызға дейін жалғасады.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: