ЭКСПО-2017 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ

КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені

Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені – «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында құрылған мәдени-туристік және имидждік бірегей жоба болып табылады.«Этноауыл» - бұл байырғы заманға саяхаттап, өзін көшпенділер бейнесінде сезініп, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын басынан өткеруге жағдай туғызатын нағыз мүмкіндік. Ұлттық-мәдени кешенге келушілер қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады, қалаған жан көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына тап болып, ауылдың күнделікті және мерекелі өмірімен барынша ләзаттанады.Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді.Этноауыл «Қазанат» ипподромының 2500 шаршы метр аумағында орналасып, 40 дәстүрлі киіз үйден тұрады.

Кіші сәулеттік нысандар – меншікті қарапайым функциялары бар ландшафты сәулет құрылғылары, жабдықтары және көркемдік-декоративтік элементтер Этноауылдың жалпы композициясын толықтырады.

 

Кешен әртүрлі бағыттағы бірнеше секторлардан тұрады. «Аңшылықтың дәстүрлі түрлері» секторында қазақтардың ең сүйікті аңшылық түрі - саятшылық, аңшы құстармен және дала тазыларымен аңға шығу көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл жерде мергендердің өнерін тамашалауға болады.

Ұлттық ойындардың барлық уақытта және кез келген дәуірде де Қазақстан халқы үшін жоғары қоғамдық маңызы болды. Бұлардың барлығы ежелден келе жатыр және өзінің даму деңгейінде бірқатар нысандары өзгеріске ұшырады, олар қалыптасқан қоғам ішіндегі қарым-қатынасқа және шаруашылық қызметінің түріне сәйкес өзгеріп отырған. Қазақтардың ұлттық дәстүрін насихаттау және көрсету мақсатында кешенде ұлттық дәстүрлер айшықты түрде көрермендерге ұсынылады. «Ұлттық ойындар» секторында келушілерге тәрбиелік, дәстүрлік,әскери-спорттық, көпшілік-эстетикалық, коммуникативтік және өзге қоғамдық міндеттер атқаратын ойын-сауықтар мен ұлттық ойындар көрсетіледі. «Сайыс», «Қыз қуу», «Күміс алу», «Алтыбақан» және т.б. ойындар бізді ата-бабаларымыздың ежелгі заманына алып келеді.

«Ұлттық асхана орталығы» секторында қатысушылар мен қонақтар біздің қонақжайлығымыздың ежелгі және бай тарихына жол тартады, қазақтың ұлттық тағамдарының көптүрлілігі мен ерекшелігі туралы көбірек білуге және бағалауға болады. Сектордың символы жаюлы ақ мерекелік дастархан, бұл жерде кез келген келуші ұлттық тағамдардан дәм татуға және дәстүрлі сусындар – қымыз бен шұбаттан ішуіне болады.

Этноауыл жобасының мерекелік іс-шаралары ішіндегі ең күтетініміз – қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі болып табылады. «Қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивалі» секторында қонақтар үшін көшпенділер мен қазіргі заманғы Қазақстанның мәдениетінің көптүрлілігін жеткізетін және көрсететін толыққанды бағдарлама ұсынылады.

«Шеберлер» секторында қазақтың этникалық қолданбалы өнер шеберлерінің экспозициясы орналасады. Қонақтар тек қана осының бәрін сатып алып қана қоймай жасалу барысына да көзайым бола алады. Басты мақсат – қазіргі заманғы дамып келе жатқан Қазақстанның мәдени әртүрлілігін көрсету, қонақтарды ұсынылған экспозициялық кешендер арқылы ел дамуы тарихының әр сатысымен таныстыру және әртүрлі жанрда - көркемсурет, графика, сәулет, гобеден, зергерлік бұйымдар, ағаштан мүсіндеу, керамика, сызба, кесте тігу, киіз басу – қазіргі заманғы жас суретшілердің шығармашылығы мен шеберлігін көрсету. Қазақстанның барлық өңірлерінен халық шеберлері қатысатын болады.

 

Бөлісу: