Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий международной специализированной выставки ЭКСПО-2017

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының IV республикалық фестивалінің жеңімпаздары 13.07.2017 13:14245

Поделиться:

Қазылар алқасының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен фестивальдің номинациялары мен сыйақылары төмендегідей болып тағайындалсын және жеңімпаздар арнайы дипломмен, ақшалай сыйақыларменмарапатталсын.

«Үздік спектакль» («Лучший спектакль») номинациясы бойынша жүлдемен Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры Цой Ен Гынның «Патшайым болу оңай ма?» спектаклі үшін марапатталсын.

«Тарихи тақырыптағы режиссерлік шешімі үшін» («За режиссерское воплощение исторической темы») номинациясы бойынша жүлдемен Астана қаласы Жастар театрының режиссері Нұрқанат Жақыпбай Әбіш Кекілбаевтың «Нартәуекел» спектаклі үшін марапатталсын.

«Режиссерлік ізденісі үшін» («За режиссерские поиски») номинациясы бойынша жүлдемен Республикалық академиялық неміс драма театрының режиссері Наталья Дубс И.В. Гетенің «Сцены из Фауста» спектаклі үшін марапатталсын.

«Үздік әйел бейнесі» («Лучшая женская роль») номинациясы бойынша жүлдемен М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы Светлана Фортуна Л.Толстойдың «Анна Каренина» спектакліндегі Анна Каренина рөлі үшін марапатталсын.

«Үздік ер адам бейнесі» («Лучшая мужская роль») номинациясы бойынша жүлдемен Астана қаласы Жастар театрының актері Әділ Ахметов Ә.Кекілбаевтың «Нартәуекел» спектакліндегі Абылай хан рөлі үшін марапатталсын.

«Үздік сценография» («Лучшая сценография») номинациясы бойынша жүлдемен Ақмола облыстық орыс драма театрыА.Островскийдің «Бесприданница» спектаклі үшін марапатталсын.

«Үздік актерлік ансамбль» («Лучший актерский ансамбль») номинациясы бойынша жүлдемен Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры Л.Соловьевтің «Қожанасыр Сайрамда» спектаклі үшін марапатталсын.

«Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» («Лучшая женская роль второго плана») номинациясы бойынша жүлдемен Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының актрисасы Гульбахар Насырова И.Зайниевтің «Жусанның ащы иісі» спектакліндегі Рәзия рөлі үшін марапатталсын.

«Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» («Лучшая мужская роль второго плана») номинациясы бойынша жүлдемен Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрының актері Рустам Саидходжаев Л.Соловьевтің «Қожанасыр Сайрамда» спектакліндегі Сарайдағы гарем басшысы рөлі үшін марапатталсын.

«Үміт» («Надежда») номинациясы бойынша жүлдемен Ақмола облыстық орыс драма театрының актері Андрей ШапаваловА.Островскийдің «Бесприданница» спектакліндегі Карандышев рөлі үшін марапатталсын.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: