Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий международной специализированной выставки ЭКСПО-2017

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Қанат Ислам: «Дайындықтың бәрі жоғары деңгейде жүріп жатыр» 12.08.2017 15:301166

Поделиться:

 

Қанат "QAZAQ" Ислам канадалық Брэндон Кукпен  жекпе-жекке дайындық туралы expo2017culture.kz сұхбатында айтып берді. 



- Қанат, сіздің Брэндон Кукпен кәсіпқой бокс кешіңізді күтудеміз, амандық болса, бірнеше күн қалды. Қалай дайындалып жатырсыз?
- Біріншіден, өте қуаныштымын. Осындай өзімнің тәуелсіз елімде ең үлкен жекпе-жек Астанада елордамыз өткізіп жатқанына қуанып отырмын. Біріншіден, Елбасының, тәуелсіздіктің арқасы. Алматыдағы жекпе-жегімді көріп, осы спорт министрлігімізге тапсырма беріп, Арыстанбек-аға хабарласып, қабылдауында болдым. ЭКСПО аясында, ЭКСПО кезінде жекепе-жек өткізуге шақырды, өте қуандым. Елбасы, спорт министрлігі өзі қабылдап, сондай өтініш білдіруі – мен үшін үлкен абырой - деп білем. Ол маған бір үлкен жауапкершілік, өйткені менің артымда қаншама елім, ерім деп тақымын қысып қолдап отыр. Маған қарап, қаншама жасөспірім өсіп жатыр. Шетелде жүріп, қазақтың туын көтеріп жүрудің өзі –менің үлкен арманым. Елордамызда ЭКСПО аясында жекпе-жек өткізу деген әр спортшының маңдайына жазыла бермейді.
Сол үшін бұл жерде, Елбасымызға алғысым шексіз. Елім, ерім дейтін Елбасының болғанына бақыттымыз. Дайындықтың бәрі жоғары деңгейде жүріп жатыр.
- Күніне неше рет?
- Дайындық күніне екі рет. Бір ай Алматыда ұлттық құрамамен дайындалдық. Қазір партнерларым, Америкадан жаттықтырушым келді. Барлығы ойдағыдай. Дайындықты бастап кеттік. Дайынбыз.
- Сізге қарама-қарсы шығатын, канадалық Кук деген боксші туралы не білесіз? Ол қандай боксер екен?
- Ол да өзім секілді бір елдің еркесі. Мен Қазақстанда қанша халық жинай алсам, ол да өз елінде сонша халық жинай алатын көрермені бар қарсылас. Мықты боксшы. Оны боксшы ретінде зерттеп жатырмыз. Соған қарсы дайындаламыз. Өткені, мықты дайындалмасаңыз, бокс ол спорт, соңғы секундына дейін кімнің қолын көтеретіні белгісіз. Сол үшін дайындық –ең бірінші орында. Мені оның қандай мықты боксшы екендігі мені қызықтырмайды. Бірінщі мен өзім соған дайын болуым керек. Күнде ойлайтыным ол менің дайындығым, өз жұмыстарым.

- Кукпен бірде-бір кездескен жоқсыз ба?
- Кездескен емеспін, атын интернеттен қарап-көріп жүрміз.


- Ең соңғы сұрағым, бокс кеш өткен соң, төрт күннен кейін 13 қыркүйекте сіздің туған күніңіз болады екен. Алла бұйыртса, 33 жасқа толады екенсіз, мүмкін күтіп отырған сыйлығыңыз бар ма, құпия болмаса айтыңызшы, қалай өткізуге дайындалып жатырсыз, Астанада ма, әлде басқа жерде ме? 
- Марқұм ұстазым қайтыс боп кетті. Сол кісі айтатын: сендердің туған күндерің де, тойларың да ол сендердің чемпион болған күндерің. Сол үшін жоспар құруға уақыт жоқ. Ең басты мақсатым- жарысқа тыңғылықты дайындалу, барымды салу, одан кейін әрі қарай қаншама үлкен жарыстар бар, соны абыроймен қорғау. Сол үшін туған күнімді тойлау, соңғы қатарда тұрады. Сол үшін ең қымбаты – елімнің, жұртымның абыройы.
- Дұрыс , бәркелді , рақмет сiзге! 

 

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: